Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Аманов ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі.
Қайрат Тілеубайұлы 1964 жылы Сарысу ауданы, Игілік ауылында дүниеге келген.
1990 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын «ғалым агроном» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Сарысу аудандық ветеринарлық станциясында жүргізуші болып бастаған.
1984-1995 жылдары – Сарысу ауданы «Коммунар» совхозының жұмысшысы, бригадир көмекшісі, бригадирі, аға агрономы Қызметінде болған.
1995-1997 жылдары – «Алтай» шаруа қожалығының төрағасы болса, 1997-2001 жылдары – «Ақжол» шаруа қожалығының төрағасы болды.
2001-2006 жылдары – Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы, Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Сарысу ауданы әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған.
2006-2011 жылдары – Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болды.
2011-2013 жылдары – Алматы қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының статисті қызметін атқарған.
2013-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімідігінің ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы, бөлім басшысы қызметінде болған.
2016 жылғы қарашадан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.