Жамбылда жүргізуші куәлігін үйге жеткізіп беретін қызмет іске қосылды

0 46

Жамбыл облысында тұрғындар енді жүргізіші куәліктерін үйде отырып-ақ ала-алады, — деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникацияар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбеков мәлімдеді.

«Электрондық үкімет Порталында өтінім беру арқылы жүргізуші куәліктерін үйіне дейін жеткізу сервисі іске қосылды. Егер азаматтар бөлімдерге келе алмайтын жағдайда «Сіздің жеке менеджеріңіз» бизнес жобасын қолдануларына болады»,-деді спикер.

Сондай-ақ, Данияр Медетбеков мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір мәселелеріне толық тоқталды.

«Жалпы мемлекеттік тізімге сәйкес, қызметтердің саны 698 құрап, оның 674-і Мемлекеттік корпорация арқылы, 649-ы «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет көрсетеді. Облысымызда бұл қызметтерді көрсетуге 16 фронт-офис қатысады. 2020 жылы Жамбыл облысы бойынша 821644 қызмет, оның ішінде, 2434-і қызмет электронды негізде көрсетіледі»,- деп айтты баяндамашы.

Бүгінде мемлекеттік қызметтерді дұрыс алуды үйрету мақсатында кеңестер беру үшін бірыңғай байланыс орталығы 1414 номеріне хабарласуға болады. Биыл осы орталық операторлары 850 774 қоңырау қабылдап, кеңестер берген. Ал, бейне-ассистенттерге арналған сектор арқылы барлығы 510 054 бейнеқоңырау қабылданып, 221 826 азамат «Азаматтардың мобильдік базасына» тіркелген.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына үйлеріне барып қызмет көрсету мақсатында «Help desk» бағдарламасы жасалған. Бұл бағдарлама бойынша 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мүгедек балалар, ҰОС ардагерлері және 70 жастан жоғары азаматтарға қызмет көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 11 айында 2 160 рет мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тұрғылықты жеріне барып, 2676 қызмет көрсетілген.