Болатбеков Азамат Болатбековичтың сайлауалды бағдарламасы

0 7

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №12 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша “Respublika” Партиясынан Ұсынылған Кандидат Болатбеков Азамат Болатбековичтың Сайлауалды Бағдарламасы

Мен, Болатбеков Азамат Болатбекович, 1985 жылы 15 наурызда Алматы қаласында дүниеге келдім.

2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірдім.

2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Техсапа Гарант» ЖШС-інің директоры қызметін атқарамын. Байзақ аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутатымын.

Отбасылымын, бес баланы тәрбиелеп отырмын.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ

НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ

Байзақ ауданының экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, адами капитал сапасын арттыру және тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жергілікті бастамаларды қолдау.

Бағдарлама «Respublika» партиясының кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық прагматизм, адал бәсекелестік, жауапты қоғам және тиімді мемлекеттік басқару қағидаттарына сәйкес әзірленді.

БЕС СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

  1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

— Шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік мәселелерді анықтап, оларды шешу жөнінде ұсыныстар енгізу.

— Кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуға жол бермеу, жеке меншік құқығын қорғау және адал бәсекелестікті сақтау мәселелерін көтеру.

— Жергілікті кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге және бәсекелестік ортаны дамытуға ықпал ету.

— Ауданға инвестиция тартуға, жаңа өндіріс орындары мен тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобаларды қолдау.

— Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейтуге және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.

— Шағын бизнес пен өндірісте цифрлық технологияларды енгізуді, еңбек өнімділігін арттыруды және ресурстарды тиімді пайдалануды қолдау.

— Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын және кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған жобаларды қолдау.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ

— Шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өзекті мәселелерін жүйелі түрде қарастыру.

— Ағын суға қолжетімділік пен ирригациялық жүйелердің тиімді жұмыс істеуіне қатысты мәселелерді жауапты органдар алдында көтеру.

— Ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды, су үнемдеу тәсілдерін және өндірістік процестерді автоматтандыруды қолдау.

— Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, сұрыптау, стандарттау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларды қолдау.

— Шағын және орта шаруашылықтардың кооперациясын дамытып, өнім өткізу мен нарыққа шығу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.

— Аграрлық кәсіпкерлік пен техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

  1. АДАМ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

— Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту қажеттіліктерін жергілікті бюджетте ескеру жөніндегі ұсыныстар енгізу.

— Мектептердің қауіпсіздігі, оқушыларды тасымалдау және қосымша білім беру қызметтерінің сапасы мәселелерін назарда ұстау.

— Жастарды сұранысқа ие техникалық және кәсіптік мамандықтарға даярлауға, жұмыс берушілермен тәжірибелік серіктестікті дамытуға ықпал ету.

— Ауылдық медициналық ұйымдардың жабдықталуы, кадрлармен қамтамасыз етілуі және медициналық қызметтің қолжетімділігі мәселелерін көтеру.

— Әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығы мен тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу.

— Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қоғамдық нысандардың қолжетімділігін жақсарту.

  1. ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ӨМІР СҮРУ ОРТАСЫ

— Ауылішілік жолдардың жағдайын зерделеп, жөндеуді қажет ететін учаскелерді бюджет жоспарлау кезінде басымдық тәртібімен қарастыру.

— Ауыл көшелерін жарықтандыру, қоғамдық орындарды абаттандыру және балалар ойын алаңдарын күтіп ұстауға назар аудару.

— Елдімекендердегі интернет пен цифрлық байланыстың сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу.

— Қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, заңсыз қоқыс орындарын жою мәселелерін көтеру.

— Жасыл желектерді көбейту, су ресурстарын тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бастамаларын қолдау.

  1. ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ

— Жергілікті бюджетті қарау және бекіту кезінде тұрғындар үшін экономикалық және әлеуметтік маңызы бар жобалардың ескерілуіне ықпал ету.

— Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жобалардың негізділігіне, сапасына және орындалу мерзіміне депутаттық бақылау жүргізу.

-Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен цифрлық сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау.

-Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, өтініштер мен ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдарға жеткізу.

-Депутаттық сауалдар мен ресми өтініштер арқылы ауданның өзекті мәселелерінің шешілу барысын бақылау.

Байзақ ауданының тұрақты дамуы экономикалық әлеуетті тиімді пайдалануға, кәсіпкерлікті қолдауға, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға және инфрақұрылым сапасын арттыруға негізделуі тиіс.

Негізгі қағидат-экономикалық негізділік, ашықтық, жауапкершілік және нақты нәтиже.

Тапсырыс жасаған тұлға: №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Азамат Болатбекович Болатбеков.

Қандай қаражат ақысынан төленген: Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.