Дуралиев Нурбек Асылбековичтың сайлауалды бағдарламасы
Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №15 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Дуралиев Нурбек Асылбековичтың Сайлауалды Бағдарламасы
ӨМІРБАЯН
Мен, Дуралиев Нурбек Асылбекович, 1989 жылы 26 мамырда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Абай ауылында дүниеге келдім. 1996-2007 жылдары Абай орта мектебінде оқыдым.
2007-2011 жылдары аралығында “Білім” Кәсіби гуманитарлық техникалық колледжінде білім алдым.
2015-2023 жылдары “Айда” жеке шаруашылығында дәнекерлеуші болып жұмыс жасадым.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сарыкемер ауылындағы Әл-Фараби атындағы мәдениет үйіне қарасты Абай ауылдық клубында күзетші.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР! ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Мен үшін туған ауылдың дамуы- күнделікті өмірдегі нақты мәселелердің шешілуінен басталады. Тұрғындардың сапалы ауыз суға, жөнделген жолға, қауіпсіз көшеге, қолжетімді әлеуметтік қызметтерге және балалар үшін қолайлы ортаға деген сұранысы әрдайым назарда болуы тиіс.
Ауылда еңбек етіп, қарапайым жұмысшы мамандығының жауапкершілігін сезіне отырып, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерді жақсы түсінемін.
МЕНІҢ БЕС НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҒЫМ
- Ауылдың тұрмыс сапасы және күнделікті қажеттіліктер
Ауыз су жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуі, су сапасы және елдімекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру.
Ауылішілік көшелердің, жаяу жүргіншілер жолдарының және қоғамдық аумақтардың жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу.
Көшелерді жарықтандыру, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және санитарлық тазалық мәселелеріне назар аудару.
Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға қажетті коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін зерделеу.
Ауыл тұрғындарынан түскен өтініштер негізінде инфрақұрылымдық қажеттіліктерді жинақтап, оларды ауданның даму жоспарлары мен бюджетінде қарастыруға ықпал ету.
- Еңбек адамы және кәсіби мамандықтардың беделі
Ауыл жастары арасында дәнекерлеуші, құрылысшы, механизатор, электр маманы және басқа да техникалық кәсіптердің маңызын насихаттау.
Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары мен жергілікті жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ету.
Жастардың кәсіби даярлықтан өтуі мен өндірістік тәжірибе алу мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу.
Ауылдық жерлердегі жұмыспен қамту бағдарламаларының орындалу барысын мәслихат деңгейінде қарастыру.
Жергілікті жұмыс берушілердің еңбек жағдайы, кадр тапшылығы және мамандарды даярлау жөніндегі ұсыныстарын тиісті органдарға жеткізу.
- Отбасыны қолдау және балаларға қолайлы орта қалыптастыру
Көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі мен атаулылығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
Балалардың қауіпсіздігіне әсер ететін мектеп маңы аумақтары, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қоғамдық орындардың жағдайын бақылау.
Балаларға арналған спорттық және демалыс алаңдарын дамыту қажеттілігін ауданның әлеуметтік жоспарларында ескертуге ықпал ету.
Мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық жағдайына қатысты мәселелерді тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеру.
Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және олардың қоғамдық өмірге қатысуына бағытталған бастамаларды қолдау.
- Қауіпсіз ауыл және қолайлы қоғамдық орта
Ауыл көшелеріндегі жарықтандыру деңгейін жақсарту және қараңғы учаскелерді жарықтандыру қажеттілігін көтеру.
Жол қозғалысы қауіпсіздігіне, жол белгілерінің орнатылуына және қауіпті учаскелерді реттеуге қатысты ұсыныстар енгізу.
Қоғамдық орындардың, аялдамалардың және ортақ пайдаланылатын аумақтардың қауіпсіздігі мен жай-күйін назарда ұстау.
Қалдықтарды жинау, қоршаған ортаны таза ұстау және ауыл аумағын абаттандыру мәселелерін жауапты органдармен бірлесіп қарастыру.
- Әділ бюджет және тұрғындар алдындағы есептілік
Аумақты дамыту жоспарларын талқылау кезінде тұрғындар көтерген мәселелерді ұсыну және олардың басымдықтарын негіздеу.
Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жол, жарықтандыру, абаттандыру және әлеуметтік нысандарға қатысты жобалардың орындалуына депутаттық бақылау жүргізу.
Әкімдікпен бірлесіп, тұрғындардың өтініштері бойынша мәселелерді қарастыру және оларды шешудің заңды тетіктерін іздестіру.
Қажет болған жағдайда депутаттық сауалдар жолдап, мемлекеттік органдардан көтерілген мәселелер бойынша ресми жауаптар мен ақпарат алу.
ҚҰРМЕТТІ
ЖЕРЛЕСТЕР!
Менің басты ұстанымым-ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау, еңбек адамының қадірін білу және қоғамға ортақ мәселелерге бейжай қарамау. Әрбір тұрғынның пікірі маңызды. Ауылдың дамуына қатысты шешімдер қабылданғанда халықтың ұсыныстары ескеріліп, бюджет қаражаты нақты қажеттіліктерге бағытталуы тиіс.
Қадірлі сайлаушылар!
Дауыс беру күні өз таңдауыңызды жасап, менің кандидатурама қолдау білдіруге шақырамын.
Ауылдың болашағы — ортақ іс.
Халықтың сенімі-жоғары жауапкершілік.
Тапсырыс жасаған тұлға: №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нурбек Асылбекович Дуралиев.
Қандай қаражат ақысынан төленген:
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.