Арыкбаев Азамат Берлисбековичтың сайлауалды бағдарламасы

0 7

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №13 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Арыкбаев Азамат Берлисбековичтың Сайлауалды Бағдарламасы

 Қымбатты жерлестер!

Мен,  Арыкбаев Азамат Берлисбекович, 1983 жылы 28 шілдеде Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келдім. Жамбыл политехникалық колледжінде «Салық және салық салу» мамандығы бойынша білім алдым.

2012 жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысып келемін.

Отбасылымын, төрт баланың әкесімін.

Мен халықтың қандай мәселе көтеретінін мінберден емес, күнделікті өмірден білемін. Себебі өзім де осы қоғамның бір мүшесімін, осы ауылдың тұрғынымын. Жол, ауыз су, жарық, жұмыс, бала тәрбиесі-мұның бәрі әр отбасының өміріне тікелей әсер ететін мәселелер. Сондықтан тұрғындардың әрбір орынды ұсынысы мен өтініші мен үшін маңызды.

МЕНІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫМ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ!

  1. ЖОЛ-АУЫЛДЫҢ КЕЛБЕТІ

— Ауыл ішіндегі жөндеуді қажет ететін жолдарды кезең-кезеңімен жөндетуге ықпал ету;

— көшелерді жарықтандыру мәселесін шешуге күш салу;

— жаяу жүргіншілер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтеру.

Ауылдағы жолдардың сапасы тек қатынасқа ғана емес, тұрғындардың күнделікті тұрмысына да әсер етеді. Сондықтан жөндеу жұмыстарын жүргізгенде көлік қозғалысы жиі жүретін және халық көп пайдаланатын бағыттардың қажеттілігін ескеруді ұсынамын. Атқарылған жұмыстың ұзақ уақытқа жарамды болуына да мән беру қажет.

  1. ТАЗА АУЫЛ — ЖАЙЛЫ ӨМІР

— Ауыз су сапасы мен тұрақтылығын жақсарту мәселесін назарда ұстау;

— қоқыс шығару, арықтарды тазалау және ауылды абаттандыру жұмыстарын жүйелеуге ықпал ету;

— көгалдандыру мен қоғамдық орындарды күтіп ұстау бастамаларын қолдау.

Ауылдың тазалығы әр тұрғынның ортақ жауапкершілігінен басталады. Осы ретте тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару тәртібін реттеп, тазалық талаптарының сақталуына жағдай жасау маңызды. Әсіресе, ортақ пайдаланылатын аумақтардың күтімсіз қалмауына және табиғи ортаға зиян келтіретін әрекеттердің алдын алуға көңіл бөлу қажет.

  1. ЖҰМЫС БОЛСА-ТҰРМЫС ЖАҚСАРАДЫ

— Жергілікті кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мәселесін көтеру;

— ауыл жастарын жұмыспен қамтуға бағытталған жобаларды қолдау;

— шағын кәсіпкерлік пен отбасылық бизнестің дамуына ықпал ету.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін олардың қолындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жол ашу керек. Кәсіп бастауға ниетті азаматтардың нақты ұсыныстарын зерделеп, шағын жобаларын жүзеге асыруына қолдау көрсетуді маңызды санаймын. Сонымен қатар жергілікті жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы байланысты нығайтуға атсалысамын.

  1. БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ-БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

— Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын көбейтуге атсалысу;

— жастардың спортпен және өнермен айналысуына жағдай жасау бастамаларын қолдау;

— білім мен тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді көтеру.

Әр баланың қабілетін ашуға мүмкіндік беретін орта қалыптастыру-қоғамның ортақ міндеті. Осы мақсатта оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың шығармашылық қабілеті мен жеке қызығушылықтарын дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсету қажет.

  1. ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР

— Ардагерлер мен жалғызбасты қарттардың мәселелеріне назар аудару;

— көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау тетіктерін жетілдіруді ұсыну;

— әрбір тұрғынның мұң-мұқтажын тыңдап, тиісті мекемелерге жеткізу.

Қоғамдағы қолдауға мұқтаж жандардың жағдайын тек мерекелік күндері ғана емес, күнделікті назарда ұстау маңызды. Әсіресе, өз мәселесін ашық жеткізе алмайтын азаматтардың қажеттілігін анықтап, оларға тиісті көмектің уақытында жетуіне ықпал ету қажет.

  1. ДЕПУТАТ — ХАЛЫҚТАН АЛЫС БОЛМАУЫ КЕРЕК

— Тұрғындармен тұрақты кездесіп, ашық диалог жүргізу;

— Әрбір өтініш пен ұсынысты назарға алу;

— халық көтерген мәселелерді аудандық мәслихатта жүйелі түрде көтеру;

— атқарылған жұмыстар бойынша тұрғындарға есеп беру.

“Халықтың сенімі-менің жауапкершілігім. Нақты еңбек-нақты нәтиже”!

Құрметті жерлестер!

Мен сіздерге бәрін бір күнде өзгертемін деп бос уәде бермеймін. Бірақ қандай мәселе болса да, халықпен бірге талқылап, оның шешілуіне қолымнан келгенше күш саламын.

Бізге құр сөз емес-нақты іс керек. Бізге халықтың мұңын тыңдайтын, елдің ортасында жүретін, мәселеден қашпайтын азамат керек.

Менің мақсатым-өзім үшін емес, ортақ игілік үшін еңбек ету. Ауылымыздың әр көшесі көркейіп, әр шаңырақтың берекесі артып, балаларымыздың болашағы жарқын болсын!

Қадірлі ауыл тұрғындары!

Мен сіздердің араларыңыздан шыққан, осы өңірдің тыныс-тіршілігін жақсы білетін қарапайым ауыл тұрғынымын.

Мен үшін туған ауылдың дамуы, әр отбасының амандығы, балаларымыздың жарқын болашағы бәрінен маңызды.

«ХАЛЫҚПЕН   БІРГЕ — ӘДІЛДІККЕ, БІРЛІККЕ, ДАМУҒА!»

Сіздердің сенімдеріңіз-менің жауапкершілігім! 

Тапсырыс жасаған тұлға: №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Азамат Берлисбекович Арыкбаев.

Қандай қаражат ақысынан төленген:

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.