Таразда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

0 14

Қала көшелерінің бірінде BMW көлігінің жүргізушісі қауіпті дрифт жасаған. Тәртіп бұзған жүргізуші «Жедел басқару» орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Полицейлер анықтағандай, ол Жамбыл облысының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Жүргізушіге қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Бұған дейін де ол жол қозғалысы ережелерін және тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен жүргізушіге 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Полиция қауіпті дрифт пен жолдағы қатерлі маневрлердің айналадағы адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді.