Алматыда жер сілкінді

0 13

Бүгін 29 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Дүмпудің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.

«Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°. Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы қаласы бойынша 2 балл», делінген хабарламада.

Зардап шеккендер және қираулар туралы мәлімет түспеген.