Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

0 13

Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челси» сапына ауысқаннан кейін трансферлік бағасы жоғарылады. 17 жастағы футболшының трансферлік құны 3,5 млн еуроға жетіп, Қазақстандағы ең қымбат футболшы атанды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша Ресейдің «Ахмат» клубында ойнайтын Максим Самородов көш бастаған болатын. Оның нарықтық құны 3 млн еуро деп бағаланған.