Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев жаңа қызметке тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының Фракция жетекшісі қызметін атқарған Елнұр Бейсенбаевты жаңа лауазымға тағайындады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.