Жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру: Арандатушылар заң алдында жауап береді

0 12

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркеліп жатыр. Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.