Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирден бас тартты

0 10

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатындағы (Australian Open) тарихи жеңісінен кейін алдағы жоспарлары туралы ой бөлісті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Кеше өткен баспасөз мәслихатында Рыбакина Мельбурнда қалмайтынын айтты. Қазақстан спортшысы Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін «WTA 500» санатындағы турнирге қатыспайтынын, 1-7 ақпан аралығында өтетін жарыстан ресми түрде бас тартқанын айтты. Айта кетейік, бастапқыда Елена Рыбакина бұл турнирде бірінші нөмірмен тіркелген болатын.