Бүгінгі доллар бағамы қандай?
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Алматыдағы айырбастау орындарында орташа бағамдар төмендегідей:
доллар: сатып алу – 508,83 теңге, сату – 512,70 теңге;
еуро: сатып алу – 593,94 теңге, сату – 600,63 теңге;
рубль: 6,39 – 6,52 теңге аралығында саудаланады.
Астанада:
доллар: сатып алу – 506,02 теңге, сату – 513 теңге;
еуро: сатып алу – 592,05 теңге, сату – 602 теңге;
рубль: сатып алу – 6,40 теңге, сату – 6,55 теңге.