Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
Биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын.
«Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», делінген құттықтауда.