Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.