Қазақ-қырғыз арасындағы көкпар финалы тікелей эфирде көрсетіледі

0 507

Бүгін Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары көкпар және көк бөрүден финалдық бәсекеде алтын жүлдеге таласады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Алдымен көкпар бойынша жеңімпаз анықталады. Кездесу «Қазанат» ипподромында сағат 11:00-де басталады.

Ал көк бөрү спортынан 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының чемпиондық атағы сағат 16:30-да сарапқа салынады.

Финалдық бәсекелерді Qazaqstan ұлттық арнасы мен Хабар телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.