Энергетикалық сусын ішіп, ауруханадан бір-ақ шыққан

0 426

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері өзін жайсыз сезінген ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Алматыдан Қарағандыға бет алған көліктен бір жолаушының денсаулығы нашарлап кеткені туралы трассалық медициналық-құтқару пунктіне түн ортасында құлағдар етілген.

ТЖМ хабарламасында: «Жедел әрекет ету бригадасының дәрігерлері 1981 жылы туған ер адамға 2 банка энергетикалық сусын ішкеннен кейін пайда болған жіті панкреатит диагнозын қойды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін науқас Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді», делінген.