Жамбыл облысында ірі есірткі алқабы жойылды

0 353

Полиция қызметкерлері «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жамбыл ауданында есірткі өсімдігін заңсыз өсіру дерегін анықтады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қарасора, көкнәр сорттарын өсірді деген күдікпен 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның үйіндегі бақшадан жалпы салмағы 1520 түп көкнәр өсімдігі, 37 каннабис бұтасы анықталды. Барлығы 100 келіден асатын есірткі тәркіленді, оның ішінде 54 келі көкнәр,  53 келі марихуана бар.

 — Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, Жамбыл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. «Қарасора-2024» іс-шарасы аясында есірткіні заңсыз өсіру мен транзиттеудің алдын алу, оның алқаптарын және есірткі зертханасын жою, ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу бағытындағы іс-шаралар одан әрі жалғасатын болады, — дейді  ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.