Маңғыстаудың бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды

0 167

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп жазады  «Aulieatanews» ақпараттық  агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал бұған дейін осы қызметті атқарған Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.