Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441-446 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442,3 — 444,1 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 441 — 446 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 443,03 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,91 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,85 — 4,93 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,84 — 4,94 теңгеден сатылуда.