20 мамырға арналған ауа райы болжамы

0 468

«Қазгидромет» синоптиктері 20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бүгін республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Соның әсерінен бірнеше өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ал ел аумағының солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады және боран соғады.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғып, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.

Қарағанды ​​облысының орталығында, оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, шығысында, Қызылорданың орталығында, Батыс Қазақстанның батысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының шөлейт аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.