19 наурыз – Жаңару күні

0 29

Бүгін, 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойланып жатыр, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналады.

Қазақстан үшін Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты.

Бүгін ел аумағында отырғызылған ағаштардың жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар, алға қойған мақсаттар жемісін беріп, өркендеуге жетелейді.

Жыл сайын 19 наурызда жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді.