Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Жанболат Нұрмолдаұлы тағайындалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Жанболат Нұрмолдаұлы 1991 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» және «Жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы «Жастар тәжірибесі» арқылы Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде уақытша маман болып бастаған.
2013-2015 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Тараз Жастар орталығы» КММ-нің ақпараттық-талдау бөлімінің кеңесшісі, басшысы;
2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы;
2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ ақпарат және талдау бөлімінің консультанты;
2016-24.02.2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
2020 жылы Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығындағы облыс әкімінің бас инспекторы;
2020 жылы Жамбыл облысы әкімі аппараты құжаттама, бақылау және талдау бөлімінің бас инспекторы;
2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы;
2021 жылдың 20 мамырынан бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
Отбасылық жағдайы: үйленген, бір баланың әкесі.