Велосипед спортынан жарыс өтті

0 284

Бүгін Тараз қаласының орталық алаңында тас жолдағы велосипед спортынан ерлер мен әйелдер және жасөспірімдер арасында велоспорттан ҚР-ның қысқы чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Наурыз айының 24 мен 28 күндері  аралығында  өткен бұл жарысқа еліміздің 13 елді мекенінен келген  300 ге жуық велоспортшылар қатысып, өз бақтарын сынға салды.

Аталған жарыстың басты мақсаты велосипед спортын кеңінен дәріптеу, жасөспірімдердің спорт шеберлігін арттыру және саламатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Тас жолда желдей жүйткіген жас велосипедшілер жарысы тартысты өтіп, мәре сызығын алғашқы боп қиған жеңімпаздар марапатталды. Бес күндік жарыста велоспортшылар барын салып, жүзден жүйрік шыққандары жеңімпаз атанды. Жарыс қорытындысы бойынша  критериум түрінен велоспорт шебері – тараздық Руслан Әлиев 2 орын иегері атанды.