Түркияда әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу енгізілді
Түркияда биылдан бастап 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік желіні пайдалануын шектеуге бағытталған жаңа ереже күшіне енеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Жаңа заңға сәйкес жас пайдаланушылар әлеуметтік желіге ата-анасы немесе қамқоршысының жазбаша келісімімен ғана тіркеліп, пайдалана алады.
Үкімет бұл шараны балалардың психикалық денсаулығын сақтау, кибербуллинг пен зиянды контентке ұшыраудың алдын алу қажеттілігімен түсіндірді. Бастама гаджеттерге тәуелділікті азайтуға және жастарды оффлайн өмірде белсендірек болуға ынталандыруға бағытталған.
«Процесс салалық министрліктермен, мекемелермен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Біз 16 жасқа назар аударып, осы бағытта біраз жұмыс істейміз және балаларымызды саналы түрде қорғаймыз. 16 жастағы жасөспірімдеріміз білім мен дамуға көбірек көңіл бөлуі керек. Түркияда 16 жастан асқан балаларға әлеуметтік желілерге еркін кіруге мүмкіндік береміз», дейді Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу.