СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – МІНДЕТІМІЗ

0 46

Қоғамдағы жағымсыз құбылыстың бірі  — жемқорлық туралы  аз айтылып, аз жазылып жүрген  жоқ. Алайда, осы жат құбылысты түбегейлі жою әлі де мүмкін болмай отыр.  Өркениетке  қол жеткізген, алдыңғы қатарға шығып дамып кеткен елдердің өзінде де сыбайлас жемқорлық көріністері әлі де орын алатынын  бәріміз білеміз.

Жемқорлық —  қоғам  дерті. Қоғамның дамуын тежейтін  бұл дертке барлығымыз бірігіп қарсы тұруымыз қажет.  Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілген. Оның бір дәлелі  сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға  шартты түрде  мерзімінен бұрын босату  шарасы ендігі жерде қолданылмайтындығы, жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және  квазимемлекеттік секторда  жұмыс істеуіне  өмір бойы тыйым салынуы.

Жемқорлықпен күресудің тағы бір тетігі – ол  еліміздің болашағы жастарға  жемқорлыққа қарсы тұратындай жақсы тәрбие беру біздің міндетіміз деп білем. Отбасында балаға беретін  тәлім-тәрбие дұрыс болса, яғни  әр азамат баласын, өскелең ұрпақты  ізгілікке, адалдыққа, тазалыққа  тәрбиелесе, ол бала ертең сыбайлас жемқорлық  сияқты жат құбылысқа жол бермейді,  біреудің ала жібін аттамайды. Сондықтан,  «Тәрбие – тал бесіктен басталады» демекші бесігімізді түзейтін, бала тәрбиесіне аса үлкен мән беретін кезге жеттік. Тәрбиелі, отанын шын сүйетін патриот ұл-қыз тәрбиелегенде ғана Тәуелсіз елімізді алға бастайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын азаматтар қалыптасатыны анық.

Мемлекеттік қызметте де  сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу күн тәртібіндегі бірінші мәселе, күнделікті  жұмыс тәртібінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу, оның жолын кесу  – біздің міндетіміз екені мемлекеттік қызметшілерге ескертіліп, талқыланып отырады. Мақсатымыз – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу,  халыққа адал қызмет ету, әділ және негізді шешім қабылдау.

Г.Әлімқұлова,

                                                                                                                  Талас аудандық сотының төрағасы.