Қазан айының соңғы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер қазан айының соңғы күндері ауа райы жылы болатынын хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Қазан айының соңғы күндері Қазақстанның батыс бөлігінің тұрғындарын жылы әрі қолайлы ауа райы қуантады. Бұл өңірде ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. Ал еліміздің солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ оңтүстік облыстардың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (негізінен қар түрінде) күтіледі», делінген хабарламада.
Түнгі уақытта еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы 0°С-тан төмен болады. Күндіз елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 0…+5°С-тан +5…+10°С-қа дейін құбылады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа +17…+22°С-қа дейін жылынады.