Су тасқынынан зардап шеккендерге 22 миллион теңгеден беріледі
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың сөзінше, қаржы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың үйлерін қалпына келтіруіне арналған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Бұл бір пәтердің құны. Бір шаршы метрі 281 мың теңге болады. Жөндеуді қажет ететін үйлердің нақты саны белгісіз», — деді ол.
Министр ведомствоның су тасқынынан зардап шеккендер туралы мәліметтерді әлі де жинап жатқанын жеткізді.