Шығыс Қазақстанда су тасқынына қарсы шаралар жүргізілді
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгінде аймақта өзендердегі мұзды жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Су деңгейі қауіпті деңгейден төмен.
Мамандардың айтуынша, уақытылы ұйымдастырылған іс-шаралар мұздың кедергісіз жүруіне және кептеліс жағдайын туғызбауға мүмкіндік берді.
Еріген қар суын өткізу және өзендердегі мұздың кептеліссіз өтуі бойынша мониторинг жүргізілуде, су тасқыны қаупі бар учаскелер тексерілуде.