Шілдеден бастап кәсіпкерлерге шетелге шығуға шектеу қойылуы мүмкін

0 5

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа салықтық әкімшілендіру нормасы күшіне енеді. Жаңа Салық кодексінің 189-бабына сәйкес, ірі көлемде салық қарызы бар кәсіпкерлер мен компания басшыларына елден уақытша шығуға шектеу қойылуы мүмкін, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бұл норма заңды тұлғалардың бірінші басшыларына, оларды алмастыратын тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын азаматтарға қатысты қолданылады.

Салық кеңесшісі Айдар Масатбаев түсіндіргендей, шектеу бірден енгізілмейді. Ол үшін бірнеше талап қатар орындалуы қажет.

Атап айтқанда, берешек көлемі 27 мың АЕК-тен асуы, қарыз үш айдан астам уақыт өтелмеуі және оған дейін шоттарды бұғаттау, мүлікке шектеу қою, дебиторлар арқылы өндіріп алу секілді стандартты шаралар қолданылуы тиіс.