Сенатта отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды

0 193

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Отандық ғылымды дамыту және ғылыми-техникалық прогресс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары, салалық министрліктердің, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері және жас ғалымдар қатысты, деп хабарлайды «Aulieatanews» жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысының Жолдауында отандық ғылымды дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берілгенін атап өтті. Жаһандану кезеңінде «ғылым» қоғамдық прогрестің қуатты қозғалтқышы болып саналады.

«Қазіргі уақытта ғылым қоғамның дамуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Ғылыми мекемелер, университеттер мен институттар жүргізген зерттеулер жаңа технологиялардың, инновациялардың және ұзақ мерзімді прогресстің негізін құрайды. Ғылыми-техникалық прогресс өз кезегінде ғылым мен техниканың өзара байланысты үдемелі дамуын білдіреді және экономиканың қарқынды өсуінің, көптеген әлеуметтік міндеттерді шешудің қуатты құралы болып табылады», деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Дархан Ахмед-Заки өз кезегінде ғалымдардың мәртебесін көтеру және кадрлық әлеуетті нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Оның айтуынша ведомство халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрды, ғалымдардың орташа жалақысы 2 есеге ұлғайтылды, сондай-ақ 850 заманауи ғылыми жабдықтар сатып алынған.

Аталған іс-шара академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай өткізіліп отыр