Рейд жұмыстарын жүргізді

0 37

Аттракциондағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаментінің  Талас аудандық бөлім қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар мен волонтерлар бірлесіп, қаладағы орналасқан аттракциондар мен батуттарға рейд жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында аттракцион иелеріне қауіпсіздікті сақтау және қамтамасыз ету жайы, ата-аналарға балаларды қараусыз болмайтындығы ескертілді.

Рейд қорытындысы бойынша комиссия өкілдері қала әкімі аппаратының 1-ші қабатында орналасқан «Сервистік әкімдік» кеңсесінде сауда нысаны иелерін аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарымен таныстырды.

Aulieatanews, Талас ауданы.