Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Астанаға келді

0 22

Садыр Жапаров 3-4 шілдеде өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді. Қырғызстан Президентін ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШЫҰ саммиті аясында Орталық Азия бойынша, оның ішінде энергетика, қауіпсіздік және тағы басқа салалардағы әлемдік ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Бұған дейін Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурелсуха, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келген еді.