Қазақстанда темекі қымбаттайды

0 391

Қазақстанда сүзгісі бар, сүзгісі жоқ сигареттерге, папиростарға белгіленген ең төменгі бөлшек сауда бағасы қымбаттады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қаржы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 2024 жылдың соңына дейін сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 сигаретке, папиросқа, сигариллаға және электронды темекілерге ең төменгі сауда бағасын 820 теңге мөлшерінде бекіту ұсынылды. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі бағаны 870 теңгеге дейін белгілеу көзделеді.

Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады.