Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны бұзылды

0 265

Алматыда Қайрат шағынауданы Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында орналасқан ірі құрылыс нысаны бұзылды, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған. Жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша басқарма меншік иесіне қатысты құрылыс-монтаж жұмысын тоқтата тұруға және учаскені бастапқы қалпына келтіруге нұсқама берген.

Алайда, меншік иесі талапты орындамағандықтан іс сотқа жолданды.

«2024 жылы 27 наурыз күні Түрксіб аудандық сотының шешімімен басқарманың талабы қанағаттандырылды. Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды», – делінген хабарламада.

Былтырдан бері қала бойынша 35 заңсыз нысан бұзылды.