Амиреев Данияр Амантаевичтың сайлауалды бағдарламасы

0 138

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша өзін-өзі ұсынған кандидат Амиреев Данияр Амантаевичтың сайлауалды бағдарламасы

«ХАЛЫҚ ҮНІ-БАСТЫ БАҒДАРЫМ, НАҚТЫ ІС- НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМЫМ!»

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Амиреев Данияр Амантаевич, №8 бірмандаттық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына өз кандидатурамды ұсынып отырмын.

Менің өмірлік және еңбек жолым туған жерге адал қызмет ету, халықпен етене жұмыс істеу және азаматтардың әлеуметтік мәселелерін  шешуге  атсалысу қағидаттарымен қалыптасты.

2005 жылдан бері мемлекеттік қызмет көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласында еңбек етіп келемін. Осы уақыт аралығында қарапайым маманнан бөлім басшысына дейінгі еңбек жолынан өтіп, азаматтардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдаудың, олардың мәселелерін шешудің маңызын терең түсіндім.

Мен үшін депутат болу — атақ пен мәртебе емес, халық алдындағы аманат пен үлкен жауапкершілік.

Сондықтан басты мақсатым-Байзақ ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға нақты үлес қосу.

Мен халықтың мәселесін тек тыңдап қана қоймай, оның шешілуіне ықпал ететін, тұрғындармен тұрақты байланыста болатын және атқарған жұмысы үшін есеп беретін депутат болуды мақсат етемін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

  1. АУЫЛДАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

— Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және қоғамдық орындарды абаттандыру.

— Елдімекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету және инженерлік желілерді жаңғырту.

— Интернет пен ұялы байланыс сапасын жақсарту, ауылдардың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ

— Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты ата-аналарға әлеуметтік қолдау көрсетуді жетілдіру.

— Зейнеткерлердің, ардагерлердің және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

— Әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттырып, мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі бюрократиялық кедергілерді азайту.

  1. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ

— Жаңа жұмыс орындарын ашуға және жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ету.

— Шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығын және жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларын қолдау.

— Жастар кәсіпкерлігін дамытуға, кәсіптік оқытуға және мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қолжетімді болуына атсалысу.

  1. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ДАМЫТУ

— Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту және білім сапасын арттыру.

— Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының қолжетімділігін кеңейту.

— Жастардың спортпен, мәдениетпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау.

  1. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

— Ауылдық медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға ықпал ету.

— Медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және ауылдарға білікті мамандар тарту мәселесін көтеру.

— Ана мен бала денсаулығын қорғау, аурулардың алдын алу және бұқаралық спортты дамыту бастамаларын қолдау.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ

— Шаруалар мен фермерлердің мәселелерін көтеріп, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға қолдау көрсету.

— Суармалы су мәселесін, су ресурстарын тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігін арттыру мәселелерін назарда ұстау.

— Қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру, қоқыс шығару және елді мекендердің тазалығын жақсарту.

  1. ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АШЫҚТЫҚ

— Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, әрбір ауылдың өзекті мәселелерін назарға алу.

— Халықтың өтініштері бойынша депутаттық сауалдар мен ұсыныстар енгізіп, олардың шешілу барысын бақылау.

— Атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы сайлаушылар алдында тұрақты есеп беру.

БАСТЫ МАҚСАТЫМ

Байзақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау және әрбір елдімекеннің өзекті мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен туған жерімнің дамуына, ауылдарымыздың көркеюіне және тұрғындардың әл-ауқатының артуына өз үлесімді қосуға дайынмын.

Мемлекеттік қызмет көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласында жинақтаған көпжылдық тәжірибемді, білімім мен ұйымдастырушылық қабілетімді халық игілігіне жұмсауды азаматтық борышым деп санаймын.

Менің мақсатым-халықтың мұңын мұңдап, жоғын  жоқтайтын, тұрғындардың талап-тілегін тиісті деңгейде көтеретін және әрбір атқарылған жұмысы үшін есеп беретін депутат болу.

Байзақ ауданының әрбір ауылы дамуға лайық! Әрбір отбасы қолдауға лайық! Әрбір тұрғынның дауысы естілуі тиіс!

Біз бірлесе отырып, туған өлкеміздің жарқын болашағы үшін нәтижелі жұмыс атқара аламыз.

Сіздердің сенімдеріңіз-менің жауапкершілігім!

ХАЛЫҚ ҮНІ-БАСТЫ БАҒДАРЫМ, НАҚТЫ ІС — НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМЫМ!

Тапсырыс жасаған тұлға: №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Данияр Амантаевич Амиреев.

Қандай қаражат ақысынан төленген: Кандидаттың республикалық бюджет қаражатының жабылатын шығыстар есебінен төленді.