Президент Кореядағы Қазақстан азаматтарымен кездесті

0 4

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда білім алып, еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Президент елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталды.

Кездесуге қатысқан ел азаматары Кореядағы оқу және еңбек жолындағы жетістіктері туралы айтып, алдағы мақсаттарымен бөлісті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда тұратын отандастарымыз бен студенттерге сәттілік тіледі.