Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан озды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 2024 жылы Астанада өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатында он екі медальға кепілдік берді. Бұл туралы Sports.kz жазды, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық боксшылар жүлде саны бойынша бірінші орында. Саны – он екі. Екінші орында Өзбекстан мен Үндістан тұр: он спортшы жартылай финалда. Одан кейін Қырғызстаннан жеті, Тәжікстан мен Ираннан үштен, Иордания мен Қытай екіден, Филиппин, Оңтүстік Корея мен Моңғолиядан бір-бір спортшы жартылай финалға өтті.
Әйелдер арасындағы жасөспірімдер турнирінде де Қазақстан бірінші орын иеленді. Бірақ оны Үндістан және Өзбекстанмен өзара бөліседі. Әрқайсында он екі спортшы жартылай финалға өтті. Вьетнам мен Қытайдан үш, Қырғызстан мен Моңғолиядан екі, ал Тайваньнан бір боксшы жартылай финалға шықты.