Президент Түрікменстанда халықаралық форумға қатысады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Мемлекет басшысы «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысу үшін Түрікменстанның сауда-өнеркәсіп палатасы ғимаратына келді», делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды.