Президент Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуына қатысады

0 211

Бүгін, 28 тамызда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуына қатысады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылтайдың алғашқы сессиясы сағат 11:00-де басталады.

Президенттің Құрылтай отырысында сөйлейтін сөзі республикалық телеарналардан, сондай-ақ Мемлекет басшысының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Алғашқы сессияда Құрылтайдың жұмысын ұйымдастыруға қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралады деп күтіледі. Конституцияға сәйкес Президент Құрылтай депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдап, Құрылтай Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынуы мүмкін.