Президент ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады

0 1 148

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.

Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады.

Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.