Мемлекет басшысы Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға барды

0 192

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.