Мемлекет басшысы Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

0 91

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

«Әзербайжан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табысқа жетіп, халықаралық аренада беделін күшейте түсті. Сіздің мықты әрі парасатты басшылығыңызбен бауырлас әзербайжан халқы экономиканың орнықты өсімін одан әрі қамтамасыз ете беретініне сенімдімін», делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Әзербайжан халқына құт-береке тіледі.