ІІМ мереке қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтеді
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі.
Министрлік мәліметінше, ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығына сәйкес, алдағы мерекелер қарсаңында Қазақстанның ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылады.
«Полиция құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді.
Құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларға жедел ден қою үшін мереке күндері полиция автопатрульдерінің, көшелердегі полиция жаяу нарядтарының саны артады. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатуға жол бермеу мақсатында тексерулер жүргізіледі. Оларды пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажет», — делінген хабарламада.