Энергетикалық сусындарды 21-ге толмағандар сатып ала алмайды

0 382

Енді энергетикалық сусындарды 21-ден асқандар ғана сатып ала алады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады.

Мәжілістің хабарламасында: «Оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады», делінген.