Елордада азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін 13 млрд теңге бөлінді

0 214

Елордада азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін 13 млрд теңге бөлінді. Астана қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев айтты, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі «Kazinform» сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін бюджеттен 13 млрд теңге бөлінді», — деді ол Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, қала әкімдігі әлеуметтік маңыз бар азық-түліктің барлық 19 түрі бойынша 25 мың тоннаның өніміне келісімшарт жасаған. Олардың басым бөлігін көкөністер құрайды және бағаның көтерілуіне жол бермеуге септігін тигізіп отыр.

Қазіргі уақытта елордада өткен жылдың өнімінен 5,4 мың тонна картоп, 919 тонна сәбіз, 2 мың тонна пияз, 1,2 мың тонна қырыққабат бар. Бұған қоса, 2024 жылдың мамыр мен шілде айларында тағы да 1 350 мың тонна көкөніс алуға келісімшарт жасалмақ.