Еліміздің батыс аймағында күн ысиды

0 122

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

«Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Маңғыстау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі», — делінген хабарламада.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.