Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Шыңғыс Әрінов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, сондай-ақ Азаматтық авиация академиясын бітірген.
2006-2022 жылдары Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларында әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2022 жылы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзеті қызметінің бастығы болды.
Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры.
2024 жылғы ақпаннан 2026 жылғы тамызға дейін Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды.