Төтенше жағдайлар министрі Үкіметте ант берді
ҚР Үкіметі туралы Конституциялық заңға сәйкес, Үкіметтің жаңа мүшесі – Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ант беру рәсімі Үкіметтің бүгінгі отырысында өтті.
— Қазақстан Республикасының халқы мен Президентінің алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани дамуына ісіне өзімнің бар күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімді әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайту үшін салтанатты түрде ант етемін, — деді М. Мұханов.
Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, РФ Азаматтық қорғаныс істері министрлігі Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген.