Елімізде автокөлік саны 6 миллионнан асты
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 2026 жылдың маусым айында 167 878 автокөлік мемлекеттік есепке қойылды. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 13,7%-ға көп, деп хабарлады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, тіркелген көліктердің 87,4%-ы – жеңіл автомобильдер, 5,7%-ы – жүк көліктері, 2,4%-ы – тіркемелер, 1%-ы – мотоциклдер, 0,9%-ы – автобустар, ал 2,6%-ы – өзге де көлік құралдары.
Маусым айында тіркелген автокөліктердің 34,5%-ының қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 текше сантиметрге дейін болған.
Жанармай түріне қарай:
— 136,2 мың көлік – бензинмен;
— 10,8 мың – дизель отынымен;
— 895 – газбен;
— 11,1 мың – аралас отын түрімен;
— 2,8 мың – электр қуатымен жүретін көлік ретінде тіркелген.
Ал 5,8 мың көлік бойынша отын түрі көрсетілмеген.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 6 миллионнан астам автокөлік тіркелген. Оның ішінде:
— 5,05 миллионы – жеңіл автомобиль;
— 493,7 мыңы – жүк көлігі;
— 89,5 мыңы – автобус;
— 74,2 мыңы – мотоцикл;
— 262,3 мыңы – тіркеме;
— 52,6 мыңы – өзге көлік құралдары.
Өңірлер бойынша ең көп автокөлік Алматы қаласында тіркелген – 733,3 мың. Екінші орында Алматы облысы тұр, мұнда 646,3 мың көлік есепке алынған.