ЭЦҚ онлайн алу

0 42

Елімізде пандемия басталып барлық мекемелер карантинге жабылған уақытта электронды қызметтер көрсету сапасы артты. Яғни бұрындары азаматтар әр мекеме табалдырығын тоздырып, мекеме басшысына кіру үшін сағаттап күтіп отыру керек болса, қазір бәрі өзгерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік мекеме басшылары ашық, әлеуметтік желілерде белсенді болуларын тапсырды. Соның арқасында қазір өзекті мәселелерді бірінші басшылардың қатысуымен шешу жолдары қарастырылып жатыр.

Пандемия кезіндегі өзгерістердің бірі — электрондық сандық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қашықтықтан алу. Сіздерге ыңғайлы болу үшін біз бұрынғыдай халыққа қызмет көрстеу орталықтарына бармай-ақ ЭСҚ-ны egov.kz арқылы онлайн қалай алуға болатынын анық көрсететін бейнероликтер және нұсқаулықтар жасадық. ЭСҚ алу үшін Сіздің телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында тіркеліп, NCAlayer қосымшасы орнатылуы керек. Егер сұрақтар туындаса 1414 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.

Соның арқасында орталыққа келетін қызмет алушылар саны азайды, олар үйден немесе жұмыста отырып электрондық сандық қолтаңба алатын болды. Ендігі кезек сол электрондық сандық қолтаңбаға деген тәуелділікті жойып, барлық мемлекеттік қызметтерді бір реттік СМС арқылы алатын жолдары қарастырылуда. Қазірдің өзінде жүзден аса мемлекеттік қызмет бір реттік СМС арқылы алуға болатынын қосымша айта кеткіміз келеді.

 

Е. ЖАППАРОВ,

ХҚК бойынша №2 бөлімінің басшысы.

Жамбыл облысы.